Ежелгі қыпшақ тілінің ғажайып ескерткіші – Codex Cumanicus Қаз ҒЗМИ ғылым тобымен зерттелді.

09.12.2014 16:34 2147

2014 жылдың 12-20 қараша аралығында «Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениеті мен өнерін зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу» атты жобасы аясында Қаз ҒЗМИ ғылым тобы ғылыми іс-сапармен Рим мен Венеция қалаларына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. 

                           Қаз ҒЗМИ ғылыми-зерттеу тобын Италиядағы Қазақстан Республикасының елшісі А. Елемесов.  

Италияға барған ғылыми-зерттеу тобының құрамында – Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры А.Р. Хазбулатов, Қаз ҒЗМИ-дің бас ғылыми қызметкері Р.Ф Абазов, «Білім және Мәдениет» телеканалының директоры, кинорежиссер, Б.Ғ. Қайырбеков және телеоператор А.М. Валуйский.

Ғылыми топтың басты мақсаты Венециядағы мұрағаттар мен кітапханаларды зерттеу, оның ішінде Марчиана Кітапханасын, сонымен қатар Венеция мен Евразия даласында өмір сүрген көшпенділердің қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу.

Ғылыми-зерттеу тобының алдында келесі міндеттер тұрды:

-         Венеция/Рим/Ватикан мен Евразия даласында өмір сүрген көшпенділердің библиографиялық және мұрағаттық материялдарды алу;

-         Венеция мен Евразия даласы арасындағы байланыс, соның ішінде ежелгі қазақ мемлекеттілігінің құрылуы менен олардың мәдениеті жайлы ақпараттарды алу, жүйелеу.

-         Марчиани Кітапханасынан алынған деректердің салыстырмалы анализін жасау.

-         Батыс әдебиетінде кездесетін көшпенділердің бейнелеу өнерін зерттеу жұмыстары. 

                                              Codex Cumanicus түпнұсқасы Қаз ҒЗМИ ғалымдарының қолында.

 Ғылым тобының алдында тұрған басты мақсат – ғажайып тарихи құжат Codex Cumanicus болды. Ол мұқият зерттеліп, құжаттың күйінің анализі, қайта қалпына келтірі бойынша бағалау, сонымен қатар қайта қалпына келтіру барысында түсірілген деректі фильм, сондай-ақ болашақ зерттеушілер үшін қосымша материялдар. 

                                         Заманауи Codex Cumanicus-ті де  Қаз ҒЗМИ ғалымдары зерттеді.

Марчианна Кітапханасымен келіссөздер жүргізу барысында ежелгі көшпенділердің мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу бойынша ары қарай бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды.