Бүгін «Астана» Ұлттық сурет галереясында Жүсіпбек Аймауытовтың туылғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтеді

02.12.2014 00:00 1581

2 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін «Астана» Ұлттық сурет галереясында көрнекті жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туылғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізу жоспарланған.

Іс-шараны өткізудің мақсаты қазақ халқын ағарту ісінің дамуына қомақты үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері, жазушы-драматург Ж.Аймауытовтың өмірі мен қайраткерлігін насихаттау және дәріптеу, сондай-ақ қоғамның мәдени, рухани әлеуетін арттыруға үлес қосу болып табылады.

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде мерейтой иесінің немересі – Рима Бектұрқызы Аймауытованың қатысуы күтілуде. Сондай-ақ, аталмыш шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры – Дихан Қамзабекұлы, «Шабыт» Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры – Айман Қожабекқызы Мұсақожаева, ақын, жазушы Несіпбек Айтұлы және т.б. мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысады.

Іс-шара ғылыми конферениядан басталады. Онда ғылым өкілдері, авторлар Ж.Аймауытовтың өмірі мен оның қазақ әдебиеті мен драматургиясына қосқан үлесі жайлы баяндамалар жасайды.

Конференция аяқталған соң Қазақстандық сахна шеберлері: ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері – С.Оспанов, А.Әлтай, К.Төленбаева, ҚР Еңбек сіңірген артисі – Б.Тілеухан, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – А.Нығызбаев, А.Мұздаханова, К.Тұрлыбекованың қатысуымен салтанатты концерт өткізіледі.

по материалам: mk.gov.kz