Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі 80 жылдық мерейтойын тойлауда

02.12.2014 00:00 1382

 

2014 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы, Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Халықтар достығы» орденінің иегері Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар өтуде.

Алғашқы қадамын академик Ахмет Жұбанов аттатып, тұсауын кесіп, қанатын қақтырып, тұғырын бекіткен тұлпарлар мен сұңқарлардан құралған қасиетті өнер ұжымы 80 жаста! Тарихи тамырын сонау 1934 жылдан бастау алған оркестр ғасырлар бойы салтанат құрып, салиқалы ғұмыр кешіп, теңдесі жоқ төлтума туындыларымен қазақ мәдениетін әлемге танытқан шын мәніндегі ұлы оркестр. Оркестр ұжымы осы айтулы мерекесін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнап, Елбасымыздың ерен еңбегін айшықтауды мақсат тұтады.

2 желтоқсан күні өтетін «Қазақтың інжу-маржаны» атты салтанатты концертке Қазақстанның атақты Халық әртістері, көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, әр жылдары оркестрді басқарған дирижерлері қатысуда.

по материалам: mk.gov.kz