Қазақстанның және «Большая опера» тележобасы жаңа маусымының ең үздік сопраносы

02.12.2014 00:00 1433

 

2 желтоқсан, 2014. Астана. Биылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Күні мәдениет және өнер әлеміндегі тағы бір қуанышты жағдаймен белгіленді. Мерекенің қарсаңында «Астана Опера» мемлекеттік опера және болат театрының солисті Салтанат Ахметова 2014 жылдың 4 қазаны мен 29 қарашасы аралығында Мәскеуде (Ресей) өткен «Большая опера» халықаралық телевизиялық байқаудың жеңімпазы атанды. Бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг бұл жеңістің құрметіне арналған болатын.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Салтанат Ахметова қуанышымен журналисттер қауымымен бөлісіп, аталмыш музыкалық байқаудағы жеңісіне септігін тигізген адамдарға алғысын білдірді.

 «Мемлекеттегі мәдениет саласының дамуына айрықша көңіл бөлетін Президентімізге, Мәдениет министрлігіне, министрге, маған сенім артып, қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін», - деді С. Ахметова. 

Биылғы «Большая опера» тележобасына Ресей және ТМД мемлекеттерінің 10 үздік опера орындаушылары қатысты. Олардың ішінен әйгілі Елена Образцова басқарған беделді әділқазылар финалисттердің үштігін анықтаған болатын. Байқау көшбасшыларының қатарына Салтанат Ахметова да өтті.

«Большая опера» үшінші маусымының примасы байқаудағы жеңісіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында қол жеткізді.

«Бұл ерекше күні менің жеңісім Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, барша Қазақстан халқына  арналған менің ең керемет сыйлығым бола алады», - деп қосты халықаралық байқаудың жеңімпазы.

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директоры Ақтоты Райымқұлованың пікірінше, орындаушылардың қазақстандық мектебі әлемге танымал бола бастауда.

Бүгінгі күні Қазақстанда отандық мәдениеттің ел ішінде және шет мемлекеттердегі дамуына, соның ішінде опера өнерінің насихатталуына зор көңіл бөлінеді. Нақты айтқанда, Министрліктің қолдауымен көптеген республикалық және халықаралық байқаулар өткізіліп, ал Сүндет Байғожин, Медет Чотабаев және Дина Хамзина секілді қазақстандық опера орындаушылары операның отаны Италияда аса құрметке ие.

«Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаруымен Министрлік «Астана Опера» театрымен бірлесе отырып, әлемдегі қазақстандық ән мектебін насихатталуы жолында зор еңбек сіңіруде. Қазақстандық ән мектебі бұл салада көптеген жетістіктерге жетті. Бұның дәлелі ретінде Салтанат Ахметованың «Большая опера» байқауындағы жеңісін де айта аламыз», деді А. Райымқұлова.

по материалам: mk.gov.kz