Санжар Асфендияровтың туылғанына 125 жыл!

03.12.2014 00:00 1528

 

3 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін  «Астана» Ұлттық сурет галереясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен  аса көрнекті мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың туылғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты кеш өткізіледі.

Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Сол жолдағы тынымсыз күрес те тоқтап көрген емес. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз - тек бір, бүгінгі ұрпақтың ғана еңбегі емес, осы күнді аңсаған ата-бабаларымыздың еңбегі. Осыған орай ұлттың дербестігін алуға, мәдениетті өркендетуге және қазақ халқының ғылым мен білімінің дамуына зор үлесін қосқан тұлғалардың бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог Санжар Аспандиаров маңызды орын алды.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты–қазақ халқының ағарту ісі мен денсаулық сақтау саласын нығайтуға ерекше үлесін қосқан аса көрнекті мемлекет қайраткерінің қызметін насихаттау және дәріптеу, сонымен қатар қоғамдық әлеуеттің мәдени, рухани деңшейін көтеруге септігін тигізу.

по материалам: mk.gov.kz