ШЫҰ елдері мәдениет қайраткерлерін Жібек жолы біріктіреді

18.12.2014 15:43 1573

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің өзекті мәдени әрекеттесу аспектілері «ХХІ ғасырдағы Жібек жолы мәдени ынтымақтастығын бірлесіп құрамыз» атты Халықаралық мәдени форумы аясында делегаттардың басты назарында болған еді.    

Бұл жиынның барысында ШЫҰ мәдениет пен өнер қайраткерлері беделді мекеме аясында мәдени-гуманитарлы ынтымақтастық арқылы өзара тығыз қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын алға тартты. Делегаттар сөз сөйлеу кезінде мәдени байланыстар жайлы өз көзқарастарын білдірді. Қытай Жібек жолы Қорының басшысы, «Синьао» корпорациясының вице-президенті Цзинь Юншен ШЫҰ елдерінің ХХІ ғасырдағы Жібек жолы экономикалық белбеуінің мәдени байланыстарды дамытудағы қажеттілігін атап өтті.

–  Қытай делегациясы бұл басқосу арқылы біздің мәдени ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілетініне қатты үміттенеді- деп мәлімдеді Цзинь Юншен. Бұл бастама, соған қарағанда шынайы болмақ. 

                                                                   Жібек жолы форумына қатысушылар

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатовтың сөзіне қарағанда Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасында Жібек жолының халықаралық мәдени байланысының артуына және мәдени-туристік кластерлерді дамыту жолдары баста назарда екенін тілге тиек етті.

Олар халықаралық тарихи-мәдени кластерлердің қалыптасу орталығына айналады және барлық инфроқұрылымдарға сәйкес келеді. Бұл ел үшін экономикалық және әлеуметтік жағынан өте пайдалы болмақ.

Мұндай үлгі қазір бар, ол «Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының қайта өркендеуі» кластері.

Андрей Хазбулатовтың сөзі бойынша, бұның бәрі Қазақстан территориясындағы этно-мәдени дәстүрді қайта қалыптастырады. Халықаралық жаңа жобаларды іске қосады.

– Жібек жолын қайта құру потенциалы тарихи-мәдени және туристік мақсатта өте ауқымды. Оны дұрыс пайдалана білсек, Евразия құрлығындағы дамудың жаңа жолы қалыптасады- деп атап өтті Қаз ҒЗМИ директоры. 

Дерек көз - Liter.kz