Қазақстан мен Армения қолжазба мен баспа мұрасын сақтау және қалпына келтіру саласында ынтымақтастықты күшейтуде

28.11.2014 19:09 1623

Бүгін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы аса ірі ежелгі қолжазба және баспа жәдігері болып табылатын – әулие Месроп Маштоц атындағы Матенадаран (Армения) ежелгі қолжазбасының өкілімен кездесті. Армения делегациясы атынан ТМД елдері бойынша Матенадаран директорының кеңесшісі А. Хзмалян, қолжазба институтының қызметкерлері Гаяне Элиазян және Артур Петросян қатысты.

Аталмыш кездесу Арыстанбек Мұхамедиұлының Арменияға сапарының жалғасы еді. 2014 жылдың қазан айының 7 мен 10 аралығында қазақстан мекемесінің ежелгі қолжазба Институтымен ынтымақтасу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 

Қонақтарды қабылдаған сәтте министр ежелгі армян-қыпшақ жазуына деген қызығушылықты тағы да атап өтті. Оның сөзі бойынша, Қазақстан мен Армения арасындағы достық қарым-қатынастың негізінде жасалып отырған бұл алғашқы табысты қадам археологиялық жәдігерлер мен қайта қалпына келтіру, тарихи мұраларды сақтау жұмыстары аясында екі елдің мәдениетін жақындастырмақ.

«Біз бірігіп жұмыс істеп, алға жылжуымыз керек, қазақстандық қоғам мақсатында сіздердің ғажайып туындыларыңызды зерттеуге мүмкіндік туу үшін тығыз қарым-қатынаста болуымыз қажет. Меніңше бұл біздің алғашқы қадамымыз, біз орнатқан байланысты үзіп алмай, ықпалдасу өте қажет. Және де бізде ары қарай бірігіп қызмет істеуге тамаша мүмкіндік туып отыр»- деп атап өтті министр.

Матенадаран директорының кеңесшісі өз кезегінде, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырған «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Халықаралық конференциясында  қолжазба мен баспа мұрасын сақтау және қалпына келтіру бойынша мастер-класс өткізуге мүмкіндік алғаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

«Біз сіздердің аса жоғары деңгейде ұйымдастырылған конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін алғыс айтамыз. Себебі өз әріптестерімізді тыңдап, олармен бірге атқарылатын негізгі жұмыстарды талқылап кеттік. Біз арамызда орын алған ынтымақтастықты дамытуда көптеген мүмкіндіктеріміз бар. Матенадаранда сіздердің мамандарыңызды қатты қызықтырып отырған ғажайып туындылар бар. Оны ары қарай бірігіп зерттейміз деген үмітіміз бар.

Белсенді ынтымақтастықтың жалғасы ретінде қазақстандық мекеменің басшысы Матенадаран делегациясын қазақстандық шығармашылық оқу орындарына мастер-класс көрсету мақсатында Қазақстанға шақырды.

«Біз үшін бұл өте керемет идея, және біз бұны болашақта жүзеге асады деп сенеміз. Өз кезегімізде біз, қазақстандық мамандарды жаңа технологияларды пайдалану арқылы қолжазба мен баспа мұрасын сақтауға арналған жыл сайын өтетін халықаралық төртінші ғылыми семинарға шақырамыз»-деп айтты ежелгі Матенадаран институтының өкілі.

Дерек көз -  http://www.mks.gov.kz