Гір спортының әлем чемпионы өз жеңісін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнады

03.12.2014 00:00 1315

3 желтоқсан, 2014. Теміртау. Гамбургте (Германия) өткен гір спортынан әлем чемпионытының жеңімпазы теміртаулық Татьяна Потемкина өзінің алтыншы дүркін жеңісін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнады.

Гір спортвынан әлем біріншілігіне 56 мемлекеттен келген 520 спортшы қатысты. Отандасымыз 68 кг дейін салмақ категориясында өнер көрсетіп, өзінің ресей және шотландиялық қарсыластарынан басым түскен болатын.

Қазіргі кезде әлемнің алты дүркін жеңімпазы 2015 жылы Испанияда, ал 2016 жылы Қазақстанда өтетін дүниежүзілік додаларда сәтті өнер көрсетіп,  еліміздің көк байрағын аспанға көтеруді жоспарлап отыр.

по материалам: mk.gov.kz