5 желтоқсан күні «Астана» Ұлттық сурет галереясында Саттар Асқарұлы Ерубаевтың 100-жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтеді

04.12.2014 00:00 1640

2014 жылғы 5 желтоқсанда «Астана» Ұлттық сурет галереясында  белгілі жазушы, журналист, ақын, публицист, сыншы Саттар Асқарұлы Ерубаевтың  100 жылдық мерейтойына арналған   салтанатты кеш өтеді.

Саттар Ерубаев (1914-1937) қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздардың бірі. Қысқа ғұмыр кешсе де, артынан мол мұра қалдырып кеткен жазушы. Оның өлеңдері мен очерктері, әңгімелері және сыни мақалалары, пародия мен эпиграммалары, новеллалары мен балладалары әдебиет тарихында өз орнын алған.  Олардың ішінде «Өмір туралы рапорт», «Мәңгілік өмір», «Меруерт алқа», «Бақыт», «Үш шахтер туралы баллада» және т.б.  әдебиет сүйер қауымға кеңінен танымал «Менің құрдастарым» романы, қазақ әдебиетінде алғаш ғылыми-фантастикалық жанрда жазылған «Келесі соғыс туралы» новелласы бар.

Салтанатты кеште Астана қаласы әкімдігі «Жастар» театры, Мемлекеттік «Наз» би театрының әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев,  Бибігүл Жанұзақ пен Азамат Жылтыркөзов, Нұрғали Тұрлыбеков  Нұрлан Балапанов сондай-ақ, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ерлан Рысқали, Досым Мақсотов және т.б. қазақстанның мәдениет қайраткерлері өнер көрсетеді.

по материалам: mk.gov.kz