Жеті томдық «Айтыс» жинағының тұсауы кесілді

04.12.2014 00:00 1420

 

4 желтоқсан, 2014. Астана. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы аясында жарық көрген қазақ айтысының 7 томдық кітабының тұсауы кесілді.

мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Мырзатай Жолдасбеков ұзақ уақыт бойы жүргізген зерттеу жұмыстарының негізінде шығарылған жеті томдық «Айтыс» жинағының ең басты ерекшелігі – қазақтың көне айтыстарынан бастап осы заманғы айтыстарға дейін барлығының жинақталуында. Сонымен қатар ақындар туралы мәліметтер, түсіндірме сөздіктер мен шетелдегі қандастарымыздың айтыстары енгізілді.

Аталмыш топтамалық кітапты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институты дайындап, жарыққа шығарды. Кітаптарды көркем безендіріп, оқырман қауымға ұсынған - «Күлтегін» баспасы. 

«Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы 25 том еңбекті құрайды. Бұл жоба бойынша биыл 7 том еңбек жарық көрсе, жалғасы алдағы жылдары шығарылады деп күтілуде.

 

по материалам: mk.gov.kz