Шәкәрімнің белгісіз фотосуреті табылды

08.12.2014 00:00 1284

 

Мәскеу архивтерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының кезінде Абай қорық мұражайларының мамандары (Семей) Шәкәрім Құдайбердіұлының 1927 жылғы фотосуретінің түпнұсқасын тапқан болатын.

Осы уақытқа дейін мұражай бұл фотосуреттің көшірмесін қолданып, суретте Шәкәрімнің өзі бейнеленген фактісі нақты болмай келсе, мәскеулік архивте табылған құжаттың артында суреттегі адманың есімі мен түсірілген мерзімі жазылған екен.

Фотосуреттің авторы орыс зерттеуші Федор Фиельструп болып шықты. Оның материалдарында зерттеушілер қазақ данышпанымен кездесу туралы және Шәкәрімнің өз аузынан шыққан ақпараттар кездеседі. Әйгілі қазақ ақыны ғалымға бүркітпен аң аулау және қазақ халқының сүтті тағамдары туралы баяндаған. Сонымен қатар, Музей қызметкерлері Шәкәрім тұрған ауыл бейнеленген 30 фотосуреттің көшірмесін алып келді.

по материалам: mk.gov.kz