ШЫҰ елдерін Ұлы Жібек жолы біріктіреді

09.12.2014 00:00 1437

 

 

2014 жылғы 8-10 желтоқсан күндері Астанада «21 ғасырдағы Ұлы Жібек жолы мәдени ынтымақтастық алаңын бірге құрамыз» тақырыбында Ұлы Жібек Жолының Халықаралық мәдени форумы өз жұмысын бастады. Мәдени форумның ашылуында ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың шара қатысушыларына арналған хатын оқыған болатын.

 Ұлы Жібек Жолының Халықаралық мәдени форумын өткізу жөніндегі уағдаластыққа ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Мәдениет және спорт министрінің ҚХР Мәдениет министрлігінің Ұлттар істері жөніндегі хатшысымен кездесуі барысында қол жеткізілді. Мәдени форум Қазақстан және Қытай мемлекеттерінің қолдауымен өтуде.

Қытай Жібек Жолы қорының басшысы, «Синьао» корпорациясының вице-президенті Цзинь Юншэннің пікірінше, аталмыш шара Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің 21 ғасыр Жібек Жолы экономикалық бірлестігін құруға деген ниеттерінің аясында аса маңызды болып табылады.

«Экономикалық ынтымақтастықпен қатар біз мәдени байланыстарды да дамытуымыз керек. Осы форумның арқасында біздің мәдени әріптестігіміз жаңа белестерге шығады деген үміттеміз», - деді Цзинь Юншэн.

Ұлы Жібек Жолының мәдени форумы халықаралық мәдени байланыстардың мемлекеттік емес тұғырнамасы болып табылады.  Оның міндеті мәдениетті зерттеумен айналысатын ғалымдарға, мәдениет қайраткерлеріне, қоғам қайраткерлеріне, кәсіпкерлер мен үкіметтік ұйымдарға халықаралық байланыс пен ынтымақтастық үшін алуан түрлі мүмкіндіктер ұсынып, Шанхай ынтымақтастық елдері арасында мәдени байланыстар мен ынтымақтастыққа жаңа серпін беру болып табылады.     

Форумға ірі мұражайлар мен театр басшылары, ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері, танымал саясаткерлер, халықаралық ұйым өкілдері және ШЫҰ елдерінің кәсіпкерлері шақырылған.

Ұлы Жібек Жолының Халықаралық мәдени форумының жұмысы үш күнге созылады. Жұмыс барысында ШЫҰ аясында көпвекторлы мәдени ынтымақтастыққа байланысты ұсыныстар талқыланатын болады. Форум қатысушылары өзара әрекет етудің тұрақты тетігін әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын сақтау үшін алдыңғы қатарлы заманауи ғылыми технологияларды пайдалану мәселелері көкейкесті мәнге ие болуда.        

Астанада өтетін мәдени форум қорытындысы бойынша делегация басшылары Астана консенсусына қол қояды. Бұл құжат Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында ұзақ мерзімді мәдени ынтымақтастық пен жан-жақты өзара әрекеттің жаңа тұғырнамасын құруға бағытталған.    

Ежелгі Ұлы Жібек жолы адамзат мәдениетін байланыстырушы Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени көпір болып табылады. Форум қатысушыларының пікірінше, ол қазіргі кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымдары мемлекеттерін байланыстырушы мәдени қауымдастықтың бөлшегі болып табылады.    

Форумның мәдени бағдарламасының маңызды бөлігі «Қазақстан» орталық концерт залында ШЫҰ халықаралық оркестрі қатысуымен өтетін өнер шеберлерінің концерті болмақ. Қазақ Ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрінің негізінде құрылған ШЫҰ интерұлттық оркестрінің бағдарламасына Шанхай ынтымақтастық елдері композиторларының шығармалары енді.

Гала-концертке сондай-ақ, танымал орындаушылар – Қазақстанның халық әртісі, скрипкашы Айман Мұсаходжаева, дирижер Айдар Торыбаев (Қазақстан),  Мәскеу мемлекеттік академиялық филармония солисті, Бейжің консерваториясының құрметті профессоры Кирилл Родин (Ресей) және танымал пианист Клаудия Янг (Қытай) қатысады.    

Форум аясында «Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасы» фотокөрмесі ашылады.

Форум ұйымдастырушылары Қазақстан халқының рухани даму қоры және Назарбаев Университеті, Ұлы Жібек Жолының Қытай қоры көмегімен Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігі Ұлттар ісі жөніндегі қоры болып табылады.

по материалам: mk.gov.kz