І Халықаралық мәдени форумның қатысушылары Астана консенсусына қол қойды

10.12.2014 00:00 1492

 

10 қараша, 2014. Астана. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшыларының кезекті отырысының қарсаңында Елордада Жібек Жолының І Халықаралық  мәдени форумы өтті. Форум қорытындылары бойынша шара қатысушылары Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын сақтап қалу және насихаттау бойынша ынтымақтастықты белсендете түсуге бағытталған бірлеске құжат – «Астана консенсусын» қабылдады.

Бұл құжатта Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы-мемлекеттердің өкілдері мәдени құндылықтарды дәріптеу жұмыстарын одан әрі жалғастырып, Ұлы Жібек жолының мәдени мұраларын сақтап қалу жолындағы әріптестіктерінің дамуын белсендете түсуге келісті.

Қатысушылар айтып өткендей, Жібек жолы – үнемі дамып отырған жаһандану үрдісі жағдайында көптеген мемлекеттер қолданып отырған әлемдік деңгейдегі мәдени мұра болып табылады. Ол Шығыстан Батысқа қарай созылып, Еуропа мен Азияны байланыстырып отырған бүкіл дүниежүзі адамзатының мәдени бағдары.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Жібек жолы түрлі мемлекеттердің халықтары бірлесе құрып және жүзеге асырған достық қарым-қатынастардың негізі болды. Оның құрамына далалар, көк жайлаулар мен ормандар, Оңтүстік-Батыс аумағы және теңіз арқылы өткен бірнеше бағдарлар жатады.

Астана консенсусына қол қою барысында Форум қатысушылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің мәдениет қайраткерлері 21 ғасыр Жібек жолының мәдени бағдарын бірлесе салуға белсенді түрде атсалысып, түрлі елдердің халық әл-ауқатын қорғауға ізгі ниетпен қатысатындығына үміт білдірді.

Құжатқа сай, саяси, ғылыми, кәсіпкерлік топтардың өкілдері, мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдарының қайраткерлері әртүрлі өркениеттер арасындағы сұхбат пен байланыстарды нығайту, өзара түсіністік пен сенімді тереңдету, тең құқықтық пен достық қарым-қатынастарды құру, мемлекеттер халықтары арасындағы мәдени ынтымақтастықты белсендету, Жібек жолы рухын мұрагерлік жолмен  жалғастыру мен тарату жұмыстарын жүргізуге келісті.

 

по материалам: mk.gov.kz