ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Елорданың бірқатар мәдени объектілермен танысты

11.12.2014 00:00 1327

 

11 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Елорданың бірқатар мәдени объектілермен танысты. Жұмыс экскурсиясының барысында ол «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Ұлттық мұрағаты мен Ұлттық музейіне сапар шекті.

«Астана Опера» театрында Бердібек Сапарбаевке Бас және Камералы зал, репетициялық сыныптар, оркестрлік, көрермен және гримерлік бөлмелер көрсетілді. Театр басшылығы премьер-министрдің орынбасарына театрдың көмекші қора-қопсыларын қоса алғанда (арьер-сахна, түрлі шеберханалар, көптеген репетициялық сыныптар) барлық бөлмелері және театралдық құрылымды жандандыратын құрылғылар заманауи әлемдік стандарттарға сай келетіндігін хабарлады. Сонымен қатар Б. Сапарбаев театрдың шығармашылық ұжымдарымен әңгімелесіп, хореографиялық училище оқушыларының репетицияларына қатысты.

Ұлттық академиялық кітапханада оған бүгінгі таңда 860 мыңнан аса кітаптан тұратын кітап қоры, ал оқырман залы бір уақытта 500-ге дейін оқырмандардың жұмыс істеуіне бейімделген. Сонымен қатар, «Сұхбат», «Диалог» және «Көгілдір» залдарында лекциялар, конференциялар, презентациялар мен көрмелер ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған.

Жұмыс экскурсиясының тағы бір объектісі – ҚР Ұлттық мұрағаты –заманауи стандарттар мен талаптарға сай келетінжоғары технологиялық мұрағаттық құрылғылары бар посткеңестік кеңістіктегі алғашқы мамандандырылған ғимараттардың бірі болып табылады. Бұл жерде Үкімет басшысының орынбасары бірегей мұрағат қоймасымен және егемен Қазақстанның алғашқы тарихи құжаттармен танысты.

Қазақстанның Ұлттық музейінде Б. Сапарбаев Астана, Тәуелсіз Қазақстан, алтын, ежелгі дүние және ортағасыр тарихы, тарих, этнография және қазіргі заман залдарын шолып өтті. Музейде ең заманауи көрмелік технологиялар қолданылады.

Мәдени объектілерге сапардан кейін Премьер-министрдің орынбасары қызмет көрсетулер мен мәдениет мекемелерінің халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бірқатар тапсырма берді.

по материалам: mk.gov.kz