Ұлттық галереяда Балуан Шолақ Баймырзаұлының 150 жылдық мерейтойына арналған концерттік кеш өтеді

11.12.2014 00:00 1547

 

11 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін «Астана» Ұлттық картина галерея сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Балуан Шолақ Баймырзаұлының 150 жылдық мерейтойына арналған концерттік кеш өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жас ұрпақты Қазақтың дәстүрлі ән өнерін дамытуға едәуір үлес қосқан, халық жадында жарық із қалдырған көрнекті ақын, әнші, композитор Балуан Шолақтың шығармашылығымен араластыру. 

Концертте ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Әбдуәлі, Серік Оспанов; Халықаралық конкурстардың лауреаттары Төлеутай Серіков, Ерлан Рысқали, Жақсыгелді Майасаров, Шахаризат Сейдахмет, Сырым Мұхамедияров, Айдана Мұхтарқызы, Ержан Базарбеков, Ғалым Мұхамедин, «Voice.kz» тобы мен «Шалқыма» би ансамбілі қатысады.

Концерттік бағдарламада халық ақынының  «Алатау алабында», «Дікілдек», «Атадан ұл тумайды мендей сабаз», «Ғалия» әнінің 1-ші және 2-ші нұсқасы, «Сентябрь», «Сұрша қыз», «Екі жирен», «Корон палуан», «Жетісу», «Қоштасу» атты елге танымал өлеңдері орындалады.

по материалам: mk.gov.kz