Бүгін Астанада Никас Сафроновтың жеке көрмесі алғаш рет ашылады

12.12.2014 00:00 1334

 

Бүгін Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі Никас Сафроновтың жеке көрмесі ашылады.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Никас Сафронов Елорда тұрғындары мен қонақтарына «Таңдаулы» атты жеке жобасын ұсынады. Бұл жобаның кейбір суреттері алғаш рет көрсетілетін болады. Көрмеде классикалық портрет, пейзаж, символизм стиліндегі сюжеттік композициялар, сондай-ақ, DreamVision авторлық стиліндегі суреттер, жалпы саны 100-ден аса жұмыстар кірді.

по материалам: mk.gov.kz