ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

13.12.2014 00:00 1356

 

13 желтоқсан, 2014. Астана. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ ректоры Мұсақожаева Айман Қожабекқызына «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.


 
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлық

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамыуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ ректоры Мұсақожаева Айман Қожабекқызына берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

по материалам: mk.gov.kz