Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан еңбегі үшін марапатталды

15.12.2014 00:00 1458

 

15 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін Елордада Тәуелсіздік күнін тойлауға арналған салтанатты марапаттау рәсімдері мен мерекелік шаралар басталды. Биыл 48 Қазақстанның мәдениет жән спорт қайраткерлері мемлекеттік наградалар, атақтар мен мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев мемлекеттің әлеіметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық жұмысы үшін мәдениет, білім, ғылым, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, өндіріс салаларының өкілдеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне,  әскери қызметтегілерге, спортшылар, еңбек және соғыс ардагерлеріне жоғары дәрежелі наградалар табыстады. Олардың қатарында мәдениет және спорттың көрнекті қайраткерлері – М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов (І дәрежелі «Достық» ордені), Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Т. Кулибаев («Отан» ордені) бар. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері»  құрметті атағы берілді.

Сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәдениет және өнер саласының бірқатар көрнекті өкілдеріне мемлекеттік жүлделер табыс етті: М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директорының кеңесшісі Е. Обаев, «Қырым Аралы» ғылыми-қалпына келтіру лабораториясының жетекшісі Қ. Алтынбековке, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық муызкалық драма театрдың әртісі С. Кәмиевке, Дүниежүзі қазақтары қоғамдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашевке, т.б.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде де Қазақстан дамуына қосқан үлесі үшін мәдениет және спорт қайраткерлері марапатталған болатын.

Марапаттау рәсімін ашу кезінде Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тәуелсіздікті мерекелеудің басты мақсаты – мемлекеттілік пен Қазақстан халқы бірлігін нығайту және базалық құндылықтар төңірегінде қоғамды шоғырландыру екендігін айтып өтті.

А. Мұхамедиұлы мәдениет және өнер, қоғамдық қайраткерлер мен спорттық ұйымдар өкілдеріне, Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлеріне, жалпы саны 34 адамға, «Парасат» және «Құрмет» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін» медальдарын, «Құрмет» мадақтау қағаздарын табыстады. Олардың қатарынада кино және театр әртісі Фархат Әбдіраимов, композитор Қ. Құрманәлі, жазушы А. Тыныбеков, «Астана Балет» ұжымының балетмейстері Айгүл Тәти, Олимпиадаға даярлық орталығының есу және байдаркада есу бойынша бас жаттықтырушы Сергей Тиунов, ҚР МСМ дін істері комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, т.б. бар.

по материалам: mk.gov.kz