«Нұрлы жол»: әлеуметтік және мәдени салаларға аса көңіл бөлінеді

19.12.2014 00:00 1427

 

19 желтоқсан, 2014. Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына түсініктеме беру республикалық ақпараттық топтың жұмысы басталды. Ақпараттық топ Елбасы жаңа Жолдауында айшықтаған мақсаттарды жүзеге асыру жолында қоғамды біріктіру бойынша кең ақпараттық жұмыс атқаруды жоспарлап отыр.

Ақпараттық топ құрамына ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, әділет, ішкі істер, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің қызметкерлері кірді. Облыстың әр ауданында олар өндірістік кәсіпорындардың жұмыс ұжымдарымен, ауыл шаруашылығы жұмыскерлерімен, білім беру, мәдениет және өзге де әлеуметтік маңызы бар сала өкілдерімен кездесулер өткізуде.

Қала тұрғындарымен кездесуінде топтың жетекшісі ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының әлемде қалыптасқан экономикалық-саяси жағдай кезіндегі өзектілігі туралы сөз етті. Ол Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен Ұлы депрессия кезінде АҚШ Президенті Франклин Рузвельттің жүргізген саяси бағдарымен ұқсас екендігін айтты.

«Бағдарламаның негізгі мақсаты – қосымша жұмыс орындарды даярлауға мемлекеттік шығындарды ұлғайту, қаржы институттарын дамыту үшін жағдай жасау, «қара» нарықты қысқарту мен әлеуметтік саясатты дамыту арқылы  азаматтардың материалдық жағдайын жақсарту болатын», - деді министр.

Бүгінгі таңда халық арасында мәдениет және өнерге деген қоғам дамуындағы баға жетпес құндылығы бар рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал ретіндегі көзқарасы қалыптасты. Мемлекеттің бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен заманауи мәдени кластерлерді жасақтау мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен министрлік Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасын жасақтады.

Ведомства басшысы мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі бағыттарын: «Біз ҚР Президенті жанындағы Әдебиет және өнер бойынша Ұлттық кеңесі және Министрлік жанындағы Шығармашылық кеңестерін құру жұмыстарын жүргізудеміз.Алға қойған жоспарлар: 2025 жылы виртуалды музейлер жүйесін қалыптастырамыз. Сонымен қатар кітапхананың рөлі артады, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы ретінде тұғыры көтеріледі. 2020 жылға дейін мемлекеттің кітапханалық қорын сандық форматқа кешенді ауыстыру жүзеге асырылады», - деп түсіндірді.

Сонымен қатар министр ел азаматтарын жаппай салауатты өмір салтына тарту бойынша ведомстваның жоспарлары туралы баяндады. 2030 жылға таман дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық үлесін 40% жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта жеке спорттық мекемелерде мемлекеттік тапсырысты орнату арқылы спортпен айналысу билеттерінің құны төмендетіледі деп күтілуде. Осы арқылы мемлекет қазақстандықтардың салауатты өмір салты орталықтарына назар аударуын қолдап, азаматтарымыздың жанұялық бюджеттеріне түсетін ауыртпалықты жеңілдетпекші.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде діни экстремизм және лаңкестікті алдын алу бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ радикалды идеологияға иммунитет пен төзімді діни сана-сезімді қоғамда қалыптастыруда басымдылық беріліп отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің Интернет-желісінде кең ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізілуде: «E-islam» ақпараттық ағартушылық толыққанды интернет порталы әзірленіп, әлеуметтік желілердегі жұмыс үшін блогерлік топтар қызмет атқарады, заңға қайшы мазмұндағы сайттарды анықтау үшін интернет – кеңістікте талдау ұйымдастырылып, еңбекпен түзеу мекемелері (ЕТМ) жүйесіндегі айыпталғандардың арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстар жүйесі қалыптастырылды

Баянадамасын тәмамдай келе министр келесі 2015 жыл Президент Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Конституциясының 20-жылдығының жылы ретінде жарияланғандығын еске салып, осы мерекелер аясында республика бойынша көптеген салтанатты шаралар өтетіндігін хабарлады.

по материалам: mk.gov.kz