Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды

22.12.2014 00:00 1386

 

2014 жылдың 20-21 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. Сыр елінде бірінші мәрте өткізілген жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 6 команда бақ сынаған болатын.

Мықты спортшыларды анықтау, Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді мақсаттарды орындауға бағытталған аталмыш додада 14 ҚР спорт шеберлері, 19 спорт шеберіне үміткерлер және 17   бірінші  спорттық разрядты 10 жастан 22 жасқа дейінгі спортшылар қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер көрсетті. Оның ішінде елімізге белгілі мәнерлеп сырғанаушылар, ұлттық құрама команданың мүшелері, екі мәрте Олимпиада ойындарының қатысушысы, Алматы облысының спортшысы Абзал Рақымғалиев пен Бүкіләлемдік Гран-при додаларының күміс және қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаевалар болды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

I  спорттық разряд бойынша қыздар арасында:

I  орын Гүлжан Жұмәділова (Алматы облысы, ұпайы 77,98)

II орын Злата Рязанова (Астана қаласы, ұпайы 73,13)

III орын Милена Ким (Астана қаласы, ұпайы 67,32)

Ұлдар арасында:

I  орын Рахат Бралин (Астана қаласы, ұпайы 103,74)

II орын Асанәлі Жакишев (Қарағанды облысы, ұпайы 68,76)

III орын Алан Хайдаров (Алматы қаласы, ұпайы 65,88)

Спорт шеберіне үміткер бойынша қыздар арасында:

I  орын Алана Тоқтарова (Алматы қаласы, ұпайы 96,58)

II орын Алина Сыдықова (Астана қаласы, ұпайы 95,32)

III орын Дана Турсумбаева (ОҚО, ұпайы 84,70)

Ұлдар арасында:

I  орын Никита Манько (Астана қаласы, ұпайы 97,99)

II орын Молдияр Есеев (Алматы қаласы, ұпайы 92,60)

III орын Диас Нұрмет (Астана қаласы, ұпайы 73,10)

ҚР спорт шебері бойынша қыздар арасында:

I  орын Элизабет Тұрсынбаева (Қызылорда облысы, ұпайы 180,46)

II орын Айза Имамбек (Алматы қаласы, ұпайы 109,77)

III орын Регина Глазман (Алматы қаласы, ұпайы 93,63)

Ұлдар арасында:

I  орын Абзал Рақымғалиев (Алматы облысы, ұпайы 179,72)

II орын Данияр Әділов (Алматы қаласы, ұпайы 130,26)

III орын Артур Панихин (Алматы қаласы, ұпайы 128,78)

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің диплом, медальдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Келесі жылдың 10-13 ақпан аралығында Қарағанды облысында өтетін Қазақстан Республикасының кубогында I  спорттық разряд және спорт шеберіне үміткер бойынша спортшылар сынға түсетін болады.

по материалам: mk.gov.kz