Жылдың үздік саясаткерлері анықталды

24.12.2014 00:00 1416

 

Жыл аяқталар тұста саясаттанушы, журналист, блогер және әлеуметтанушылардың біріккен Саясат жобасы ел саясатындағы көшбасшыларды атады. "Жыл министрі" ретінде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы танылды.

Аталмыш жоба бойынша жылдың үздік саясаткері атағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевке берілді. 2014 жыл президент үшін әдеттегідей маңызды болды. Ол мемлекеттік аппаратқа қолдау көрсетіп, тізгінді берік ұстады. Сонымен қатар, елішік процестерге ерекше көңіл аударып, сыртқы саясатта да маңызды шешімдер қабылдады.

Сөз жоқ, Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың үздік саясаткері. Назарбаевтың шебер саясаткер екенін бірнеше шетелдік басылымдар да жазып, шетелдік мамандар президентті әлемдік саясаттағы маңызды тұлғалардың бірі деп бағалады.

Жоба авторларының пікірінше, «Жылдың үздік үміткері» атағына бірқатар министрлер үміткер болғанымен, Арыстанбек Мұхамедиұлы өз әріптестерінің арасында кәсіби мансабы өрлеп келе жатқанымен және белсенділігімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, жыл үздіктерінің қатарына Еуразия экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов (Жыл жаңалығы), "Қазақстан Барысы" жобасының басшысы Арман Шораев (Жылдың қоғам қайраткері), ҚР Парламент Мәжілісінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаев (Жылдың зерделі саясаткері), ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева (Жылдың белсенді депутаты), Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев (Жыл әкімі), ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев (Жігерлі саясаткер),  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен "Нұр Отан" партиясы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің (Жылдың келешегі бар саясаткерлері) есімдері кірген.

Аталмыш рейтингке сілтеме: http://news.nur.kz/kk/346464.html