Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысы тағайындалды

24.12.2014 00:00 1260

24 желтоқсан, 2014. Астана. Кеше ХІ кезектен тыс конференцияның барысында делегаттардың бірауыздан дауыс беруі арқылы Ерлан Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына тағайындалды.

Е. Қожағапанов 1968 жылы дүние келген. Бұған дейін Астана қаласы Алматы ауданының әкімі, ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар кездесу барысында Әділбек Жақсыбековтың ҚФФ атқарушы комитетіне оны федерация президенті лауазымынан босату туралы ұсынысы қабылданды.

по материалам: mk.gov.kz