Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу тұжырымдамасы бекітілді

25.12.2014 00:00 1497

 

25 желтоқсан, 2014. Астана. Кеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында комиссия мүшелері 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеуді ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамасын бекітті. Келесі жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550-жылдығын, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын тойлайтын болады.

Отырыс жұмысына комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан мемлекеттік хатшысы айтып кеткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын тойлау аталмыш ұйымның ерекшелігін әлемге танытатын болады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын тойлау оның ұлтаралық келісім мен бірліктің негізгі тірегі ретіндегі рөлін айқыштатйтын болады. Біздің мақсатымыз – этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін жаһандық қауымдастыққа жеткізу», - деді Г. Әбдіқалықова.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын тойлау қазақстандық патриотизмнің дамуына үлес қосса, Қазақ хандығының 550-жылдығы ұлттың бірлігін, қазақ халқының ортақ және терең тарихи тамырларын көрсететін болады.

«Әр қаладағы, әр аудандағы, әр ауылдағы жұмыстарға баса назар аудару қажет. Біз оған халықтың барлық әлеуметтік санатын тартуымыз керек. Әр қазақстандық болып жатқан оқиғаларға өзінің де қатысы бар екенін сезінуі тиіс. Өңірлік аспект - болашақ жұмысымыздың басты бағыттарының бірі», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті жерлерде этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтардың Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуін қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ Достық үйлерінің, этноауылдардың, Ассамблеяның барлық өңірлік құрылымдарының әлеуетін толық көлемде жұмылдыру керек.

по материалам: mk.gov.kz