Жаңа жыл «Жаңғақ шаққыш» балетінен басталады

26.12.2014 00:00 1679

 

2014 жылдың 25 желтоқсанында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында заманымыздың аты аңызға айналған хореографы Юрий Григоровичтің қойылымындағы «Жаңғақ шаққыш» балетінің тұсаукесері өтті. «Жаңғақ шаққыш» бүгінде дүние жүзіндегі ең сүйікті әрі сұранысы жоғары балеттердің бірі. Оның партитурасы орыстың ұлы композиторы Петр Чайковскийдің музыкалық мұрасының асыл парақтарының біріретінде музыка мәдениетіне енді.

Балеттің алғашқы тұсауы Санкт-Петербордағы Мариинский театрында 1892 жылдың 6 желтоқсанында кесілді. «Жаңғақ шаққышты» спектакльмен жұмыс басталған кезде-ақ қатты науқастанып қалған М. Петипаның орнын басқан Д. Иванов қойды.

Өзінің жалпы идеялық мағынасы жағынан Чайковскийдің «Жаңғақ шаққышында»оның өзге балеттерімен ортақ тұстары бар: бұл туындыға да «теріс пиғылды» махаббат пен адамгершілік күші жеңетіні негізгі себеп болған. Оның мағынасы мынада:балалардың рождестволық балында кішкентай Мариге сыйлыққа ойыншықтар тарту етеді. Солардың ішінен ол бәрінен де, ағаш жақтарымен жаңғақты уататын Жаңғақ шаққышты ұнатып қалады. Түн ішінде Мариге ойыншықтарға қарсы тышқандар шабуылға шыққаны, ал ойыншықтар қорғаушыларын Жаңғақ шаққыш бастап келе жатқаны көрінеді. Сүйіктісін қорғаймын деп Мари тышқандар короліне кебісін лақтырып жібереді, Жаңғақ шаққыш-Ханзада оларға соңғы соққы береді. Қаһармандар тышқандар әскерін жеңгендеріне қуанып, билеп жатады. Барша жұрт Мари мен Ханзаданың салтанатты тойына дайындалуда… Не болып қалды? Мари өзіне таныс бөлмедеоянды. Жаңғақ шаққыш әлі де оның қолында екен. Бұл бар болғаны сиқырлы ертегі еді…

Кейіпкер бастан кешетін барлық уайым аса көрнекті композитор П.И. Чайковскийдің керемет музыкасы арқылы берілген, оның орасан зор музыкалық жұмысы бидің күрделілігін талап етеді. Осы бір терең туындыны дәл түсініп, ойластырылғандай етіп жеткізу тек Юрий Григоровичтің ғана қолынан келгенін атап өткен маңызды. Ол шығарған жеке номерлер: үнсіз қыстық табиғаттың кейіпін таңғажайыппен жеткізетін қар қылауларының биі, қытайлық күлкілі «шай» биі мен «кофе» биі үлкендердің де, кішкентайлардың да бойын сезімге толтырады. 

Қойылымның көркемдік жетекшісі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев. Басты рөлдерді сомдағандар: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева (Мари), «Астана Опера» балетінің солисті Бақтияр Адамжан (Жаңғақ шаққыш-Ханзада).

по материалам: mk.gov.kz