Айман Мұсахаджаева Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысты

29.12.2014 00:00 1765

 

29 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, ҚР халық әртісі Айман Мұсахаджаеваның қатысуымен брифинг өткізілді.

Қазақстанның халық әртісі, «Еңбек ері» құрметті атағының иегері келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, қазақстандық музыка өнерінің дамуы мен еліміздің халықаралық аренадағы имиджін жоғарылату жолындағы қызметі туралы баяндады.

 «Біз әрқашан да, ең бастысы Қазақстан бойынша концерттерімізді жоспарлап, көрермендерімізге арналған концерттік бағдарламаларды дайындаумен айналысамыз. Біздің шәкірттеріміз – Еуразия симфониялық оркестрі – оқу-өндірістік тәжірибе алу мақсатында Испанияға аттанып кетті. Олар Барселонадан бастап, Испанияның түкпір-түкпірінде өнер көрсететін болады», - деді Айман Мұсахаджаева.

ҚазҰӨУ ректоры айтып кеткендей, университет студенттері отандық мәдениетті шетелде насихаттау жұмыстарына белсене қатысады. Биыл ұлттық өнер университетінің тәлім алушылары Лондон, Париж, Оңтүстік Корея, Испанияда өнер көрсетсе, болашақта Азия және Латын Америка континенттерінде концерт беруді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар А. Мұсахаджаеваның ойынша, классикалық өнерге деген сүйіспеншілікті мектеп қабырғасында қалыптастыру қажет.

 «Ең алдымен, халықтың интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететін қандай да бағдарлама болу қажет. Біз үнемі өмір деңгейі туралы айтып жатамыз, алайда өмір деңгейін барлық салаларды дамытпай отырып көтеру мүмкін емес», - деді ол.

Осы орайда халық әртісі мәдениет және өнердің дамуын жан-жақты қамтамасыз ететін жуырда қабылданған Қазақстан мәдени саясатының Тұжырымдамасын қолдайтындығын айтып өтті

по материалам: mk.gov.kz