ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының келе жатқан Жаңа 2015 жылмен құттықтауы

31.12.2014 00:00 1367

 

Құрметті достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткелі жатқан жыл мемлекеттің барлық азаматтары үшін, жалпы еліміз үшін ерекше жыл болды. Биыл Қазақстан саяси, экономикалық, спорт, мәдениет және өнер салаларының шыңдарынан көрінген болатын.

Күрделі әлемдік дағдарыс кезінде біз Президентіміздің сындарлы саясатын жүзеге асыру арқылы өзімізді бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтап қалуды мақсат еткен экономикалық жағынан тұрақты және саясат тұрғысынан дана мемлекет ретінде көрсете білдік.

Спортшыларымыз Қазақстан беделін ірі халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап, талай жеңістерге қол жеткізе алды. Олар спорттық алаңдарда, боксерлік рингтер мен мұз айдындарында жеңістерін қолдан бермей, жоғары жүлделерін Отандарының құрметіне арнады.

Әлемге танымал театр және концерт залдарының сахналарында әртіс, музыкант және әншілеріміз өз өнерлерін көрсетіп, талғамы жоғары еуропалық және батыс көрермендерін өздеріне тәнті етті.

2014 жыл жаңа есімдерге толы болды. Олардың қатарына Жанар Дұғалова, Салтанат Ахметова, Ануар Ахметов, Илья Ильин, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Рахат-би АӘбдісағын, Қайырбай Зәкіров, Жасұлан Қыдырбаев және тағы басқа мақтан етуге тұрарлық көптеген мәдениет, өнер және спорт қайраткерлеріміз жатады.

Келе жатқан жыл Қазақстан үшін жаңа жарқын табыстар, жетістіктер мен ырыс-береке әкелсін.

2015 жыл барлығымыз үшін қуанышты оқиғалар мен қазақстандық спорт пен өнерді әлемге жаңа қырынан паш ететін жаңа дарындардың есімдеріне толы болатындығына кәміл сенімдемін.

Барлықтарыңызға Жаңа жылда бақыт пен амандық, армандарыңыздың орындалуын, жаңа ұмытылмас кездесулер және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!

по материалам: mk.gov.kz