«Астана Опера» театрының балет труппасы Христофор Колумбтың Отанында өнер көрсетеді

02.01.2015 00:00 1489

 

21, 24, 25 және 27 қаңтарда «Астана Опера» театрының балеттік труппасы көне «Карло Феличе» театрының әйгілі сахнасында (Генуя) алғаш рет өнер көрсетеді. Шетелдік көрермен назарына Арам Хачатурянның «Спартак» спектаклі әлемдік хореографияның асқан шебері Юрий Григоровичтің қойылымында ұсынылады, сондай-ақ елордалық театр «Гала балетінің» мазмұнды бағдарламасын алып барады.

Гастрольдік бағдарламаның басты құндылығының бірі өткір драматургияға қанық, көркем бейнелер кеңінен көрсетіліп, қиялдандырып-толғандыратын екпіні ғажап А. Хачатурянның керемет музыкасына жазылған «Спартак» қойылымы болып табылады. Аталған спектакльді қою туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ, себебі ол күні бүгінге дейін көрерменді еліктіреді және жоғары сұранысқа ие.

Аты әлемге танылған теңіз саяхатшысы Христофор Колумбтың отанына қазақстандық балеттің құрамы 85 адам болып аттанады. Спектакльге генуялық театрдың симфониялық оркестрі қатысады, дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов.

Еске салып кетсек, Генуя қаласының Басты опера және балет театрының негізі 1824 жылы қаланған, оған екі жарым мың көрермен сыяды. Классикалық емес ғимарат Пьяцца де Феррариде орналасқан (Piazza De Ferrari),театр Герцог Карло Феличенің (Duke Carlo Felice) құрметіне аталған.

по материалам: mk.gov.kz