Жаңа жыл жаңа жеңістерден басталды

05.01.2015 12:40 1336

 

2015 жыл бірқатар қазақстандық ауыр атлетшілердің Доха (Катар) қаласында өтіп жатқан Азия Чемпионатындағы жеңістерінен басталды. Аталмыш спорттық додаға 23 мемлекеттен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі 180 спортшы қатысуда.

Мемлекетіміздің қоржынына алғашқы алтын жүлдені 17 жасқа толмаған жасөспірімдердің 50 кг дейінгі салмақ категориясында өнер көрсеткен Игорь Сон салды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 208 кг көрсеткішке қол жеткізді. Ал жастардың арасында 69 кг дейін салмақ категориясында жеңіс үшін арпалысқа атсалысқан Альберт Линдер Қазақстан қанжығасына екінші алтын жүлдені байлады (311кг=140+171).

Сонымен қатар отандастарымыз Әйгерім Әуелбек, Кристина Крахалева, Михаил Макеев және Семен Линдер бір күміс жүлдеден ұтып алған болатын. Тимур Хасаров 56 кг дейінгі салмақ категориясында қола медальға ие болды.

Нәтижесінде, Қазақстан жастар құрамасында бүгінгі таңда 2 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлде бар.

7 қаңтар күні тағы да бір ауыр атлетшіміз Селимхан Әбубәкіров +105 кг салмақ дәрежесінде  өнер көрсететін болады.

по материалам: mk.gov.kz