«Астана Опера» сахнасында «Достардың ортасында» алғашқы кеші өтеді

06.01.2015 09:10 1569

 

 

2014 жылдың 9 қарашасында «Астана Опера» театры Камералық залының сахнасында  бес дарынды дос-вокалист - Жаннат Бақтай, Дина Хамзина, Мейір Байнешов, Евгений Чайников және Бауыржан Әндіржанов - Борис Пастернактың «Қыс, бәрі қайтадан алғашқыдай…» деген өлең жолдарымен аталатын «Достардың ортасында» атты циклдың бірінші концертін көрермендер назарына ұсынатын болады. 

Әншілер түрлі стильдің және дәуірдің ариялары мен дуэттерін шырқайды, концертте шетелдік, қазақ және орыс композиторларының шығармалары орындалады.

 «Бұл кеште ұсынылатын музыкалық туындылардың деншілігі Қазақстанда сирек орындалады, ал кейбірі «Астана Опера» сахнасында алғаш рет шырқалады. Мысалы, бұған Дина Хамзина орындайтын Р. Щедриннің «Варвараның әнін», «Абай» операсынан Айдардың ариясын, Мейір Байнешовтің орындауындағы Руджеро Леонкаваллоның «Сайқымазақтар» операсындағы Канио ариясын жатқызуға болады, сондай-ақ П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»операсынан Томскийдің көрінісі мен балладасын Евгений Чайников, Мейір Байнешов пен Бауыржан Әндіржанов орындайды», - деп хабарлады концерттің авторы Елена Сахно.

по материалам: mk.gov.kz