ТҮРКСОЙ және ЮНЕСКО: Ықпалдастықтан терең ынтымақтастыққа

08.01.2015 10:19 1414

 

2015 жылдың 5 қаңтарында Түркияның Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Өкілетті Елшілердің 7-ші конференциясына қатысқан ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова Түркияға алғашқы рет жасаған ресми сапарының аясында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтеріне келді.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының атқарып отырған жұмыстарымен жақыннан танысқан ЮНЕСКО Бас директоры Ирина Бокова ТҮРКСОЙ ұйымымен 20 жылдан астам уақыт ішінде көптеген іс-шараларды бірлесе атқарғандығын және ТҮРКСОЙ-дың жұмыстарына үнемі қолдау көрсететіндігін жеткізді.

«Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен ЮНЕСКО мәдениет және өнер саласында бір бағытта қызмет атқарып келеді. Өйткені мәдениет – адам табиғатындағы ең үлкен байлық. Әлемдегі биологиялық әртүрліліктің орны қандай болса, адамзат ішіндегі әралуандық та сондай. Мәдени мұра мен мәдени құндылықтардың әралуандығы әлемдік бейбітшіліктің орнығуына сүбелі үлес қосатыны сөзсіз. Түркі әлемі – мәдени мұраға бай дүние. Осы тұста түркі әлеміндегі жетістіктер Қазақстан мемлекетінің бастамасымен ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық мәдениеттер жақындасуының он жылдығы рухымен астасып жатқандығын айрықша айтуымыз керек. Алдағы жылы ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ арасындағы ынтымақтастығының 20 жылдығы. Сондықтан ЮНЕСКО жалғыз емес, оның ТҮРКСОЙ сынды қолдаушысы бар,» - дей келе ЮНЕСКО Бас директоры ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қсейіновке алғыс айтып, екі беделді ұйымның өзара ықпалдастығына мән берді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов 1996 жылдан бері ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ арасындағы ынтымақтастықтың күн өткен сайын күшейіп отырғандығын және ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген іс-шаралардың жоғары деңгейде өткендігін сөз етті. «Бүгінгі ТҮРКСОЙ штаб-пәтеріндегі кездесу тарихи оқиға екені сөзсіз. Аса қадірлі Ирина Георгиевна шақыруымызды қабылдап, түркі дүниесінің қарашаңырағына айналған ТҮРКСОЙ-ға келіп қолдау білдіргені үшін алғысымыз шексіз. ТҮРКСОЙ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық мәдениеттер жақындасуының он жылдығы жобасын қолдап отырады. Осы тұрғыдан келгенде, ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойы қарсанында түркі дүниесінде және бүкіл әлемде бейбіт өмір сүру мәдениетінің күшеюіне үлес қосуға жалғастырамыз. Бұл ынтымақтастық түркітілдес халықтардың мәдени мұрасының сақталуы үшін ғана емес, адамзаттық және ғаламдық мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосады. Сонымен қатар, соңғы кезеңде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Наурыз мерекелік концерті, ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдық мерейтойы, «Бейбітшілік үшін балалар» атты сурет көрмесі сынды айтулы шараларды ұйымдастырдық. ЮНЕСКО-ның Бас директоры түркі дүниесінде өткен бір қатар шараларымызға өзі қатысып қолдау көрсетті. Бұдан кейін де бірлесе атқаратын шараларымыз аз емес. Биылғы жылдың наурыз айында ЮНЕСКО-ның 70 жылдығы қарсанында Наурыз мерекелік концерт және сәуір айында Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиум мен дәстүрлі-фольклорлық концерт ұйымдастырамыз,» - деп ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов өз сөзінде мәлімдеме жасады.

 

по материалам: mk.gov.kz