Серік Қонақбаев AIBA комиссиясының төрағасы болып сайланды

09.01.2015 09:13 1722

 

Қазақстан өкілі, AIBA вице-президенті Серік Қонақбаев спортшылар және жастар ісі бойынша AIBA комиссиясының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы AIBA президенті Чинг-Куо Ву арнайы хат арқылы хабарлап, құттықтаған болатын.

Доктор Вудың хатында: «Мен Сізді соңғы жылдары спортшылар және жастар ісі бойынша AIBA комиссиясының барлық жобаларын дамытуға барынша ынтамен атсалысқан азамат ретінде танимын, сондықтан комиссияның төрағасы ретіндегі қызметті жауапты да жемісті атқаратындығыңызға кәміл сенімдемін. Сіздің боксшы ретіндегі ірі жетістіктеріңіз бен бокс саласындағы біліктілініңіз бұл миссияны абыроймен атқаруға үлес қосады» - делінген.

 

по материалам: mk.gov.kz