Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы ҚР әйелдер ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабын басқаратын болады

09.01.2015 09:17 1283

Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушы Қайрат Сағадиев күрестен ҚР қыздар ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабын басшысы болып тағайындалды. Бұл лауазымда ол бас жаттықтырушы қызметімен қатар құрама спортшысы ретіндегі еңбегін алып жүрген Гузель Манюрованы алмастырды.  

Ұлттық құраманың жаңа басшысы Қайрат Жұманович Сағадиевтің әйел спортшылармен жұмыс атқаруда тәжірибесі мол. Жасөспірімдер мен жастар командаларын жаттықтыру мерзімі аралығында отандық спортшылар айтуға тұрарлық жетістіктерге жеткен болатын: өткен жылғы Азия чемпионатында жастар 5 жүлдеге (1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль) қол жеткізіп, жалпыкомандалық ресми емес есепте екінші орынға табан тіреді. Әлем чемпионатында Сағадиевтің спортшылары 1 күміс пен 1 қола жүлде ұтып алды.

Ал ҚР жастар құрамасының басшысы ретінде бұған дейін қыздар жастар құрамасын жаттықтырған Әділет Ермаков тағайындалса, қыздар командасының жаңа жаттықтырушысының қызметін бұдан әрі Мұрат Жұмабаев атқарады.

по материалам: mk.gov.kz