Жас мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

12.01.2015 09:19 1430

 

2015 жылдың 7-11 қаңтар аралығында Польшаның Торунь қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Mentor Nestle Torun Cup» халықаралық турнирі өткен болатын.

Аталмыш турнир жыл сайын ИСУ (халықаралық коньки тебу одағы) кестесіне енетін жарыстардың бірі. Дүбірлі додаға қатысушылар жекелей сырғанау, жұптасып сырғанау және мұз үстіндегі би бағдарламалары бойынша бақ сынады.

Жекелей сырғанау бағдарламасында сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол қазақстанның намысын қорғаған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы. Элизабет бұл жеңісін Қазақстандық балаларға арнап, отандастарын Жаңа жылмен құттықтады.

по материалам: mk.gov.kz