ҚР мәдениет және спорт министрі «Казахстанская правда» басылымын 95-жылдық мерейтойымен құттықтады

12.01.2015 09:20 1323

 

Өткен сенбіде «Казахстанская правда» басылымы 95 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. 1920-жылдың 1-қаңтарынан басылып келе жатқан еліміздің ең ірі газеттерінің бірін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерейтойымен құттықтап, газет қызметкерлеріне «Мәдениет қайраткері» атағын табыс етті.

Бір ғасырға жуық тарихы бар газет ұжымын құттықтауға арналған салтанатты кешке сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган баспасөз қызметтерінің жетекшілері, сондай-ақ облыс әкімдіктері баспасөз қызметтерінің жетекшілері қатысты. 

«Газет ұжымын осынау айтулы мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Казахстанская правда» газеті - расымен халықтың газеті. Сіздер күн сайын еліміздегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп, ірі мемлекеттік бағдарламаларымыздың жүзеге асырылуына үлес қосып келесіздер. Бұл үлкен еңбек және редакция басшыларын қоса алғанда, газеттегі әрбір журналист осы еңбектің жемісін көрсін»,- деді ұжымды құттықтаған Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымды мерекесімен құттықтай отырып, газеттің екі қызметкеріне «Мәдениет қайраткері» атағын табыс етті.

«Біз газеттің шығуына мүдделі тарап қана емеспіз, біз газеттің тұрақты оқырмандарымыз. 95 жылдық тарихы бар басылымның болашағы әлі алда»,- деді министр.

 

по материалам: mk.gov.kz