ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстан православ шіркеуі Митрополиялық округінің Басшысымен кездесті

13.01.2015 09:09 1405

 

13 қаңтар, 2015. Астана.   Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қазақстан православ шіркеуі Митрополиялық округінің Басшысы Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрдың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында екі тарап мемлекет пен Қазақстан православ шіркеуі арасындағы қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылап, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың елдегі конфессияаралық келісімді қалыптастыру мен нығайтудағы және этносаралық пен конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің әлемдік деңгейде мойындалуына қосқан ерекше еңбегі ескерілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі             А. Мұхамедиұлы Қазақстан православ шіркеуінің қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы диалогты дамытуға қосқан маңызды үлесін ескерді. Қазақстан православ шіркеуі өзге де конфессиялармен бірігіп Қазақстан халқының толеранттылығы пен төзімділігін арттыруда.

Өз кезегінде Қазақстан православ шіркеуінің Басшысы шіркеу тарапынан жоспарланып отырған іс-шаралармен бөлісіп, Алматы қ. кафедралды соборында жүргізілетін қалпына келтіру жұмыстары жайлы баяндады.

Митрополит Министрді жоспарланып отырған Орыс православ шіркеуі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қатысуымен өтетін үшжақты көрмеге қатысуға шақырды.

Сонымен қатар кездесуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин мен Астаналық шіркеулік округінің Қызметшісі (Благочинный), Астана қ. Успендік кафедралды соборының қараушысы С. Карамышев қатысты.

по материалам: mk.gov.kz