ҚР премьер-министрінің орынбасары телерадиокомпанияларға тіл туралы заңды тиісті түрде орындауға тапсырма берді

14.01.2015 09:11 1380

 

14 қаңтар, 2015. Астана. Кеше премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырысыта теле-, радио- хабар тарату саласында мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тілдегі теле-,радиобағдарламалардың көлемі өзге тілде көрсетілетін жалпы көлемінен кем болмауы тиіс. Бердібек Сапарбаев меңзеп өткендей, мониторинг жүргізу кезінде бұл талаптарды орындамау жағда        лары мен қабылданған нормаларды бұзушылықтар анықталған болатын.

Премьер-министрдің орынбасары телерадиокомпаниялардан тіл саласындағы заңнамаларды қатаң ұстанып, алдағы уақытта бұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуді талап етті. Осыған орай, Б. Сапарбаев тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

по материалам: mk.gov.kz