Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттық ғимараттар жүйесі 116 жаңа объектімен толықтырылды

14.01.2015 09:12 1408

 

Солтүстік Қазақстан облысының спорттық ғимараттар жүйесі 116 жаңа объектімен толықтырылды. Жалпы аймақта іске қосылған 2393 спорттық құрылымның 1914 объектісі ауылдық жерлерде орналасқан.

Өткен жылдың аяғында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 25-метрлік жүзу бассейні салынды.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының «Жас өркен» шағын ауданында мұз айдыны мен жеңіл атлетикамен айналысуға арналған алаңы бар Спорт сарайының құрылысы жалғасып жатыр. Аталмыш спорттық құрылым 14853 шаршы метр аумағында орналасады деп жоспарлануда.

по материалам: mk.gov.kz