Барсег Туманян Астана Операға шақырады

15.01.2015 09:20 1382

 

16 қаңтарда Қазақстанда алғаш рет «Астана Операның» камералық залында театрдың жетекші солисті, Армения Республикасының Халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Барсег Туманянның жеке концерті өтеді. Әлемге әйгілі бас дауысты әнші вокал өнерін сүйетін қазақстандық қауымға алуан түрлі концерттік бағдарлама ұсынады.

«Барсег Туманян шақырады» концерті – әлемнің көптеген қалаларының сахнасында жеке концерті өткен әйгілі әртісті барлық қырынан ашатын«түйіндеме». Классикалық опера музыкасын бағалаушыларға вокалдық музыканың түрлі жанрлары мен бағыттарынан тұратын туындылардың кең ауқымы паш етіледі.

Әлемдік деңгейдегі бас дауысының иесі Барсег Туманян елордалық театрдағы жұмысынан алған әсерлерін ортаға салды: «Бұл менің Қазақстанда алғаш жұмыс істеуім. Бұған дейін көптеген әйгілі де, соншалықты аты шықпаған әлем театрларында да өнер көрсеттім. «Астана Операның» күш-қуаты мен жұмысқа деген ынтасы зортамаша жас хоры, ғажап ойнайтын оркестрі бар. Мұнда шығармашылықпен айналысуға жақсы жағдай жасалған. Қазақстандық музыка сүйер қауымға өзімнің бірінші жеке концертімді ұсыну мен үшін үлкен құрмет және жоғары жауапкершілік».

Фортепиано партиясын «Астана Опера» театрының концертмейстері, халықаралық конкурстардың дипломанты Долорес Үмбетәлиева орындайды.

Сондай-ақ осы күні Венециядағы қазіргі өнердің Биеннале медалінің иегері, суретші Наира Туманянның жұмыстарының көрмесі өтеді. Топтама «Астана» деп аталады.

по материалам: mk.gov.kz