Еркеш Шакеев пен Марат Бисенгалиевтің концерті ағылшын тыңдармандарын тамсандырды

20.01.2015 09:08 1319

 

Кеш бағдарламасына әйгілі Лондон симфониялық оркестрі мен шебер скрипкашы Марат Бисенгалиевтің орындауындағы Еркеш Шакеевтің туындылары кірді. Әлемнің ең танымал оркестрінің 60 музыканты автордың 30 жыл бойғы талдымсыз еңбегінің нәтижесі болып табылатын шығармаларды ойнап, ағылшын көрермендерін тамсандырған болатын.

Сонымен қатар концертте қазақстандық симфониялық музыканың қас шеберлері бірлесіп жазған «Inception» альбомының тұсауы кесілді. Топтама құрамына 12 шығарма кірді.

Альбомды жазу жұмыстары Abbey Road және Air Studios студияларымен қатар Карл Дженкинстің төл шеберханасында әлемнің жетекші продюсерлерінің бірі – Александр Ван Инген продюсерлік басқаруының көмегімен өткен жылдың мамыр мен шілде айларының аралығында жүргізілген болатын.

 

по материалам: mk.gov.kz