Музейлер, тарихи нысандар мен мәдени орталықтардың жетілдірілген менеджменті

 

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесіп мемлекеттік, ұйымдық және жеке ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар өткізеді.

Қазіргі сәтте Смитсон институты Ұлттық музейінің азия мәдениетінің тарихы бағдарламасының жетекшісі Пол Майкл Тэйлордың озық тәжірибесімен танысу мүмкіндігін ұсынуды абырой көреміз. Пол Тэйлор Азияның тілдері мен материалды мәдениеті, этнографиясы және этнобиологиясы бойынша көптеген ғылыми кітаптар мен мақалалардың авторы, 17 музейлік көрмелерне жетекшілік етіп, бес деректі фильмге кеңесші болған. Азиялық зерттеулер дмректорлар Кеңесі Ассоциациясың құрамына кірген және Смитсон институтының американдық Азиялық-Тынықмұхиттық мәдени комитетінің мүшесі, Американдық музейлер ассоциациясының «Халықаралық музейлер ынтымақтастығы» марапатының иегері. Доктор Тэйлор сонымен қатар Бүкіләлемдік банктің әлеуметтік және Инспекциялық топты көшіру мәселелері бойынша аға кеңесшісі болып табылады.

Аталмыш халықаралық семинар жоғары менеджментті музей өкілдері мен олардың орынбасарларына, оқытушылармен студенттерге (магистранттар мен докторанттар) өткізуге арналған.

Семинардың тақырыбы: «Музейлер, тарихи нысандар мен мәдени орталықтардың жетілдірілген менеджменті», аталмыш семинардың бағдарламасы екі тілде (ағылш. және орыс.) тіркеледі. Семинар аясында теориялық сабақтар өткізіледі және семинардың аяғында сертификат беріледі. Семинар 18.07. 2015 ж. сағат 10:00-нан 16:00-ға дейін Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында өткізіледі (ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында).

Семинардың құны тыңдаушы үшін 15 000 теңге.

Семинардың құнына үлестірме материалдар, кеңселік жарақтар және кофе-брейк кіреді.

Тел.: 8 7172 919 035 (608), 8 777 471 61 70