Қызметі

 

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу және елдегі мәдени кеңістіктегі барлық деңгейдегі жүйелік анализ бойынша жетекші жобалық мекеме болып саналады. Институт мемлекеттік мәдени саясатты жасақтауға қатысуда. Сонымен қатар мемлекеттік мәдениет пен ақпарат салалары аясында ғылыми және методикалық қызметті қамтамасыз етеді, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтауда кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Институт қызметі Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер, ғылым салаларын зерттеу және дамыту бойынша келесі бағыттарды жүзеге асырады:

1. Мәдениет пен өнер, тарих, археология салалары аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жасақтау, ұйымдастыру.

2. Мәдениет, өнер, тарих, археология аясында салалық бағдарламаларды мемлекеттік органдарға, заңнамалық және нормативті-құқықтық актілер жобаларын жасақтауда ұсыныстар мен мінездемелер енгізу;

3. Мәдениет пен өнер, тарих пен археология саласында республикалық және халықаралық жобаларға қатысу және оларды жүзеге асыру;

4. Мәдениет пен өнер, тарих және археологиялық ұйымдарға ғылыми-методикалық, кеңестік және сарапшылық көмектер көрсету;

5. Мәдениет пен өнер, тарих, археология салалары бойынша институттар және мекемелер мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

6. Мәдениет пен өнер, тарих, археология саласы мамандарының біліктілігін арттыру курстары мен машықтану жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

7. Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілігінің нысандарын мемлекеттік тізілім арқылы басқару және өзектендіру;

8. Музей, мұрағат, консервация, қайта қалпына келтіру және кітапхана істері мәселелері бойынша жобалар, тұжырымдар, ережелер, нұсқамалар, ережелер жасақтау;

9. Тарихи-мәдени және тарихи, археологиялық ескерткіштерді музеефикациялау, қолдану, оларды сақтау бойынша ғылыми-зерттеу және жобалы-сметалық құжаттамасын жасақтау, олардың инфроқұрылымдарын дамыту;

10. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің электронды базасы негізін құру;

11. Тарихи-мәдени ескерткіштерге археологиялық, конвациялық және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

12. Тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану және оларды сақтау мәселелері бойынша тарихи-мәдени сараптама жүргізу, олардың территориялары мен қорғау аймақтарына тиісті қорытындылар, сипаттамалар мен кепілдеме беру;

13. Мәдениет, өнер, тарих және археология ғылымдары аясында республикалық және халықаралық конференциялар, ғылыми және

ғылыми-тәжірибелік, шығармашылық және қоғамдық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, форумдар, жиындар, жиналыстарды дайындау және өткізу;

14. Мәдениет, өнер, кітапхана ісі және музей істері мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулер өткізу;

15. Ғылыми-көпшіілк және деректі фильмдерді дайындау және ротациялау;

16. Ғылым мен мәдениет саласы аясында редакциялық-баспа қызметін іске асыру;

17. Консервациялық-қайта қалпына келтіру, ғылыми-атрибуттық, зкспозициялық қызметті жүзеге асыру;