«Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін тануға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу»

«Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін тануға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу»

Орта Азия көшпелілерінің түрлі мәдени аспектілерін зерттеу – Қазақстан мен Еуразияның өзге де континентаралық елдері үшін маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі.

Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, Қазақстанның аумағы ежелден көшпелі халық қоныстанған мекен ретінде белгілі. Мыңдаған жылдар бойы жергілікті халықтың өмір салты көшпелі мал шаруашылығы болған.

Көшпелі халық құрлықтың осы бір үлесті аумағының шаруашылық-мәдени қамтылуына зор үлес қосып, Еуразия кеңістігіндегі өркениеттің дамуына әсер ете алды. Көшпелі халық бұл өлкелердің орталық бөлігінде көш жолдарын түзе отырып, алыс қашықтықтарға ақпарат жеткізу құралына айналған, құрлықтың әр түрлі аймақтарын, мәдени өмірі мен өркениеттерін  бір-бірімен жалғастырып, материалдық және рухани құндылықтарды таныстырған, тауарлар мен инновациялық технологиялардың алмасуына себеп болған.

Қазақстанның соңғы үш мың жылдықтағы тарихы мен мәдениеті көшпелілікпен тығыз байланысты. Біздің еліміздің аумағын мекендеген халықтың тұрмысының, психологясының және менталитетінің, мәдени дәстүр-салтының негізі көшпелі өмір салтынан бастау алады.

Адамның өмір сүру ортасының ерекшеліктеріне икемделуі белгілі-бір бейімделу механизмдері, соның ішінде мәдениеттің дара түрі арқылы жүзеге асады. Көшпелі халықтың материалдық өндірісі мен көшпелі өмір салты материалдық және рухани құндылықтарының дамуына, қалыптасуына әсер еткен. Бір-бірімен байланыстағы бұл құбылыстар мен үдерістердің нәтижесінде көшпелілер кеңістікті бағдарлау, географиялық мүмкіндіктер сияқты бірегей қасиеттерге ие болып, соның арқасында олар көшпелі мәдениет экологиясынан туындаған географиялық нысандарға ат беріп, ерекше топонимикалық атаулар тауып, терминдер жүйесін қалыптастыра алды.

Көшпелілердің кеңістіктік-географиялық бағдарлау  қабілеті олардың жер бедері, топырақтың қасиеттері, өзен-сулар мен табиғи ресурстардың орналасу ерекшеліктері, су ішуге аялдайтын орындар (шағын өзендер, бұлақтар, құдықтар, көлдер), көшу-қону жолдары мен керуен өткелдері (тау жолдары, жазық жер, өткелдер) туралы терең білімдеріне негізделген. Топонимикалық номенклатурада қазақ даласының түрлі табиғи-географиялық және антропгендік нысандарының өзіне сай ерекшеліктері, кейбірінің қай замаға жататынына қарай әлеуметтік-мәдени және халықаралық маңызы белгіленіп, көшпелі қазақ ұлтының аты аңызға айналған тұлғалары, батырлардың ерліктері, еліміздің әскери және қоғамдық-саси өмірінде ерекше із қалдырған ұлыстар мен ұлттар туралы ауызша тарихи естеліктер бейнеленген.  

Табиғат нысандарының, қыстаулар мен мазарлардың, халық тарихынан сыр шертетін орындардың географиялық атаулары көптеген құжаттарда, картографиялық жазбаларда сақталған. Олар Қазақстанның дәуірлік тарихына қатысты құжаттамалар мен нарративті жазбаларда, еуропалық, орыстардың, шығыстың ортағасырлық және жаңа замандағы картографиялық материалдарында, Қазақстанның барлық облыстары бейнеленген кеңестік кезеңдегі ірі масштабты карталарда, фольклорда, анықтамалық-ақпараттық және энциклопедиялық басылымдарда, өлкелердің тарихи географиясы жөніндегі ғылыми әдебиеттерде т.б. жазбаларда кеңінен сипатталған.  

Тарихи жер-су атауларын анықтау мен жүйелі түрде зерттеу жиынтығы құрамы жағынан бірдей емес. Олардың кейбірінің түп-тамыры тым ежелден бастау алады, сипаты да күрделі, зерттелуі қиын. Келесі бір атаулар көшпелі қазақ лексиконына орта ғасырларда еніп, транслитерациясы сәл өзгеріске түсіп, бүгінгі күнге дейін жеткен. Өткен ғасырлардағы әр түрлі жазабаларда көптеп кездесетін кейбір жер-су атаулары белгілі бір тарихи кезеңдерде ғана солай аталған да, кейіннен түрліше себептерге байланысты ұмытылып, өзгеріп, басқа, соның ішінде адам аттарына байланысты атауларға ие болған.

Зерттеу мақсаты:

Көшпелі қазақ қоғамының бай мұрасын тану, соның ішінде халықтық географиялық атаулар жүйесін Қазақстан, Орта Азия жерін мекен еткен көшпелі жұрттың рухани мәдени мұрасының маңызды бөлшектері ретінде қарастыру, көшпелілердің географиялық кеңістікті бағдарлау ерекшеліктерін анықтау, қазақтардың ру-тайпалық таңбаларды дәстүрлі түрде пайдалануының әлеуметтік-мәдени маңызы мен шығу тегін айқындау,  сондай-ақ тарихи география, этнография, тарихи лингвистика, көшпелілердің сәулет өнері саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, тарихи мекендерді, тарихи ескерткіштерді және Қазақстан жеріндегі көшпелелілердің мәдениетін дәріптеу.

Алға қойған мақсатқа қол жеткізу төмендегі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:

- Қазақстан аумағындағы табиғи ландшафт нысандарының жеке атауларын, киелі орындар мен материалдық мәдениет ескерткіштерін толықтай зерттеу, жүйеге түсіру және оларға құрылымдық талдау жасау;

- Өлкемізде өмір сүрген көшпелі халықтың тарихи жер-су атаулары туралы ғылыми әдебиеттер мен жазбаша дерекнамаларын зерттеу;

- Географиялық нысан атауларының номенклатурасын (адам аттары, этнонимдер, клиотопонимдер, антропонимдер т.б.) жан-жақты зерттеу;

- Көшпелілердің табиғатты пайдалану алғышарттарын және олардың Қазақстан аумағындағы табиғи-ландшафтық аймақтардың экономикалық тұрғыдан иегерілуін толыққанды зерттеу;

- Қазақтың ру-тайпа атауларының  номенклатурасын жан-жақты зерттеу;

- Қазақтар мен Қазақстан жерін мекен еткен көшпелі халықтардың жылжымайтын материалдық мәдениет ескерткіштеріндегі эпиграфиялық мәтіндер мен ру-тайпалардың өзіне тән таңбаларын  заттай тексеру, анықтау мен зерттеу;

- Қазақстанның жер-су атаулары туралы, қазақтар мен Орта Азия жеріндегі басқа да көшпелі халықтардың ру-тайпалық таңбаларының даму жүйесі мен шығу тегі жөніндегі «Қазақстанның тарихи жер-су атауларының қысқаша энциклопедиялық сөздігі» және «Қазақ таңбаларының энциклопедиясы» сияқты арнайы жинақталған еңбектерді басып шығару.