«Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының материалды емес мәдени мұрасын зерттеу мәселелері: топонимикасы, эпиграфикасы, өнері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жылдың қараша айының 18-19 күндері аралығында Астана қаласында Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының ұйымдастыруымен «Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениеті мен өнерін зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу» атты ғылыми-зерттеу жобасы аясында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда көрнекті қазақстандық ғалымдар баяндама жасайды. Олардың ішінде: Ерофеева Ирина Викторовна, Рогожинский Алексей Евгеньевич, Қожа Мұхтар Бахадырұлы және т.б. Сондай-ақ конференцияға өнертану, археология, тарих салалары бойынша шетелдік жетекші ғалымдар өз баяндамаларымен оқып, конференцияға қатысушыларға өздерінің ғылыми пікірлерін білдіреді. Конференция моносекция форматында өтеді және бір секцияның күні бойы өтуі қамтылады. Конференцияның бірінші ашылу күнінде «Көшпелілердің мәдени мұрасы құрамының бөлігіндегі Қазақстанның тарихи топонимикасы» атты пленарлық отырыс болады. Одан ары қарай «Қазақстанның Топонимикасы» тақырыбы аясында секция жалғасады. Конференцияның екінші күнінде «Қазақстан мен Орталық Азия көшпелілерінің эпиграфикасы мен өнері» тақырыбы негізінде секция жалғасып, конференцияның екінші қорытынды күнінде «Қазақстан мен Орталық Азия көшпелі халықтарының өнерін келешекте зерттеудің бағыттары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Конференция аясында баяндама оқуға, дөңгелек үстелдің отырысына қатысу немесе тыңдаушы ретінде қатысамын деушілерді конференцияға шақырамыз. Конференцияға тіркелу үшін қосымша бекітілген ақпараттық хатты жүктеп, ондағы берілген ақпарат бойынша тіркеле аласыз. Егер баяндамасыз, тыңдаушы ретінде тіркелетіндер, «БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ» - «тыңдаушы ретінде қатысушы» пункті бойынша  мәлімдеме түрін жіберу қажет.

Конференцияға байланысты кез-келген сұрақтар бойынша мына мекенжайларға хабарласыңыз. Тел: 8 717 2 44 28 07 немесе 8 701 100 72 13. Электронды мекенжай:  kaz.madeniet@gmail.com  Конференцияның ұйымдастырушы комитетінің орындаушысы - Ринат Досаев.

Конференцияға қатысуға тіркелудің ақпараттық нұсқасы

Қонференцияға қатысуға арналған мәлімдеме