Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің AR09259862 «Қазіргі Қазақстанның дәстүрлі қолөнерін зерттеу: жағдайы және сақтау жолдары» жобасы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлі жаһандық үдерістермен байланысты мәдени өзгерістер болып жатыр. Ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтап, мәдениетін қорғау және дамыту арқылы одан әрі даму мүмкіндігі ерекше маңызды фактор болып табылады.

Мәдени мұраның маңызды элементтерінің бірі және халықтың өмірін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылатын дәстүрлі қолөнер әрдайым халықтық өнердің негізін құрайды.

Дәстүрлі қазақ қолөнерінің онтологиялық және аксиологиялық табиғатын түсіну және анықтау оларды сақтау жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді және бұл жоюаның басты идеясы болып табылады. Қолөнердің қазіргі жағдайын зерттеу әлемдік қауымдастыққа мәдени бренд ретінде ұсыну перспективасымен олардың тұрақты дамуына және коммерциализациялауға ықпал ететін шаралар кешенін жасауға мүмкіндік береді.

 

Жоба жетекшісі - Хазбулатов Андрей Равильевич, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Жобаның іске асырылу мерзімі: 2021-2023 жж.

Қолданбалы ғылыми зерттеудің мақсаты – қолөнердің жойылып кетпеуін қаматамасыз ету, қоғамдастықта үздіксіз тәжірибе жүргізу, тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу және қоғамға кең таратуға кешенді шараларды әзірлеу үшін қазақ халқының мәдени мұрасының негізгі компоненттерінің бірі ретінде дәстүрлі қолөнердің қазіргі жағдайын зерттеу.

 

Күтілетін нәтиже:

Бұл жобаның маңыздылығы мәдени қолөнердің бөлігі ретінде қазақ қолөнерінің қазіргі жағдайы туралы жаңа әлеуметтік маңызы бар материалдарды, олардың жойылып кетпеуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген практикалық шаралар жиынтығын, үздіксіз тәжірибені сақтап, оны жас ұрпаққа таратудың нақты перспективасымен анықталады. Сонымен қатар, жоба материалдары (жарияланымдар, фильмдер, әлеуметтік желілердегі ақпарат және т.б.) аз танымал этномәдени брендтердің ел ішінде және шетелде танымал болуына және Қазақстандағы қолөнершілердің шығармашылығының дамуына ықпал етеді.