Қазақ-ғылыми зерттеу мәдениет институтында Колумбия профессорының қатысуымен семинар өткізілді.

Ағымдық жылдың  қазан айында Қазақ ғылыми –зерттеу институтының қабырғасында «Халықаралық журналдарда импакт-факторы бар мақаларды дайындау және жариялау» атты тақырыбында Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың (Нью-Йорк, АҚШ) қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинардың ашылуы салтанатында институттың бас директоры Андрей Хазбулатов құттықтау сөзімен және қатысушылардың жұмысына жемісті тілегімен сөз сөйледі.

Семинардың негізгі мақсаты тәжірибелік сабақтарды оқыту, шетелдік ғылыми басылымдарда импакт-факторы бар мақалаларды дайындау және ғылыми-зерттеу портфолиосы талап ететін тыңдармандарға негізгі әлемдік трендтарды ұсыну болып табылады.

Семинар тыңдармандары қатарына оқытушылар, Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Евразия Университетінің магистранттары және докторанттары, Қазақ ұлттық университетінің және Қазақ ғылыми-зерттеу институтының және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет инститтутының қызметкерлері қатысты.

Оқытылым семинарында авторлардың қателігі негізінде жиі кездесетін қателіктер тереңінен қаралып, журнал ізденістерінің сұрақтары және жетекші шетелдік басылымдарда импакт-фактормен ұсынылатын әдістердің дайындығы қарастырылды.

Семинардың іс-жүзіндегі бөлігі негізінде тыңдармандардың Jstor, Thomson Reuters, Elsevier жүйелерімен, зерттеу ғылымына бағыт ретінде қажетті ақпаратты іздеу үшін оларды пайдалану әдістерімен таныстырылу болды.

Сонымен қатар, тыңдармандарды Journal Citation Reports құралдарын пайдалану арқылы импакт-фактор журналдары туралы ақпаратты құрайтын жұмыс дағдыларымен таныстырды. Әрбір қатысушы оқытушының бақылауымен ізденіс жүйесімен жұмыс жасап, өзінің жеке ғылыми-зерттеу портфолиосын құрып және де қызығушылық сұрақтарына жауаптарын алуға мүмкіншілігі болды.

Профессор Рафис Абазов, ұйымдастырушылық дайындығының және семинар өткізілуінің жоғары деңгейде екендігін, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен әрі қарай ынтымақтастық қарым-қатысын құруға ықыласы бар екенін айта кетті.

Семинардың аяқталуы кезеңінде барлық қатысушылар осы тақырып бойынша оқытылым өткендігі бойынша сертификаттарға ие болды.