А. Хазбулатов: Қазақстанның кинематографиясы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс

А. Хазбулатов: Қазақстанның кинематографиясы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс

 

2016 жыл,15 шілде. Алматы қаласында кино туралы заң және киноиндустрия саласын дамыту туралы тұжырымдама жобасының талқылануының үшінші күні аяқталды.Қатысушылар егжей-тегжейлі кинематография саласындағы қызметті дамыту және жаңғыртуға қолдауға бағытталған жаңа жоба құжаттарының ережелерін талқылады.Дөңгелек үстелді ҚР мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған болатын. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты кинематография дамуындағы Тұжырымдама жобасының әзірлеушісі болып табылады.Жобаның құжаттарын ұсына отырып, қазақ-ғылыми зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Тұжырымдама киноиндустрияның дамуы үшін парадигма болып табылу керектігін, бағдарламалық құжат және Қазақстан Республикасының мәдени саясатының Тұжырымдамасын іске асырудағы құрал, киноөндіріс үрдісіне қатысушыларға бағдар болу керек. «Қазақстанның кинематографиясы «Мәңгілік Ел» – ұлттық идеясын жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс және де оның бай мәдени мұрасы қазақ қоғамының топтасуына ықпал етуі тиіс.Қазақстан Республикасының  дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында және мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды іске асыру туралы «100 қадам» ұлт Жоспарының жүзеге асырылуындағы шығармашылық әлеует болып табылады», - деп айта кетті. 

Ол сондай-ақ шет мемлекеттердің кинематографиясының табысты дамуына мысалдар келтірді.А.Хазбулатовтың мәліметтері бойынша Францияда CNC(Ұлттық кинематография орталығы)арқылы кино қолдауының көпжылдық тәжірибесі бар. Кино қолдауының жүйесі үнемі дамуда және шындық өзгерісіне бейімделеді.Ескере кетсек, бұл елде салық бойынша көпдеңгейлі жүйе преференциясы қызмет жасайды.

Сонымен қатар, Андрей РавильевичРесейдің отандық киномен тарихи тамырлары бар киноөндірістің табысты тәжірибелері жайлы айта кетті. «Ресейде мемлекеттік және жеке киностудияларда киноөндірістің тиімділігін аңғаруға болады. Осылайша, «Мосфильм» нарықтық үлесі 12,2 пайыз жылдық табысы 21,7 миллион АҚШ доллары және қосымша қызметтердің көрсетілуінен түскен2 миллион АҚШ доллары,-деп Қазақ ғылыми зерттеу мәдениетінің басшысы айта кетті.

-Ресейде кинематографияның қолдауы кино Қоры арқылы жүзеге асырылады.Киноөндірісті қаржыландыру мемлекеттің 70 пайыздық үлесі және продюссерлермен тартылған 30 пайыздық үлес арықылы жүзеге асады».Ол сонымен қатар, даму Тұжырымдамасының негізгі міндеті ұлттық киноның даму деңгейі бойынша Қазақстанның әлемдегі ең үздік 30 елдің қатарына кіру деп қоса кетті. Киноиндустрия дамуының тұжырымдамасының талқылау қорытыныдысы бойынша және дөңгелек үстелдің кино туралы заңның қатысушылары бірқатар ұсыныстар және ескертпелер жасай кетті. Барлық ұсыныстар және кино саласындағы кәсіби қоғамның ескертпелеріжобаның әзірлеушілеріне есепке алынады.Дөңгелек үстелдің негізіндегі жаңа құжаттар талқылануы барлық елдерде өтетін болады.

мәліметтер бойынша: mks.gov.kz