Алматыда Қазақстан Республикасында кинематографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау өтті

Алматыда Қазақстан Республикасында кинематографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының жобасын талқылау өтті

 

13 шілде, 2016. Алматы қаласында мәдениет, өнер, мемлекеттік және үкіметтік емес мекемелер, ғылым және өнер саласындағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министірлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты.

Қазақстан Республикасында кинематографияны 2050 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасының қабылдануы Қазақстан кинематографиясының ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осы қадам мемлекеттік органдар, кинематография саласындағы жеке тұлғалар арасындағы үйлестіруші тетік және бағдарламалық әрекеттер қызметін атқаруы тиіс.

Аталмыш дөңгелек үстелді өткізу отандық киноөндірістің даму жолдарының үздік бағыттарын құруға арналған. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының кинематографиясын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын жете әрі толық талқылау, кино түсірілімнің көлемін арттыруға қарайласу мәселелері, кино өнерінің дамуын қолдау және жоғары сапалы кинотуындыларды түсіру, кинотеатрлар желілерін көбейту және жетілдіру, кино саласының экономикасының өсуі және қазақстандық кино өнімдердің инвестициалық тартымдылығын арттыру, кино саласындағы білім берудің және зерттеулік қызмет сапасын арттыру мәселелерін, қазақстандық киноиндустрияның әлемдік кино үрдісіне қосылу жолдарын талқылау жоспарлануда.

Талқылау барысында отандық кинематография шеберлері әйгілі актер, театр және кино режиссері, сценарист Асанәлі Әшімовтың кино саласында бірегей қазақстандық келбетін құру туралы идеясына қолдау білдірді.

«Бүгін отандық кинематография үшін тарихи күн. Жиырмадан астам жыл ішінде алғаш рет біз кино саласының даму тұжырымдамасы мен кино тура заңды қаьбылдау мәселесін талқылау үшін жиналып отырмыз. Бұрын «Кинематографияда заңдар не үшін қажет?» деген сауалдар болса, бүгінгі таңда олардың қажеттілігін түсініп отырмыз. Көрші Ресейде 10 жыл бұрын қабылданған кино туралы заңды мұқият зерттеу қажет. Бүгінгі таңда қазақстандық киноның өзіндік ерекшеліктері жоқ, көптеген жобалар – шетелдік кино өнімдерге еліктеушілік қана. Дегенмен, бізде дарынды кадрлар баршылық, оларға кеңінен қолдау көрсетуге міндеттіміз», - деп пікірін білдірді А. Әшімұлы.

Шара барысында Қазақстандық кино қорын құру, бірыңғай Мемфильмқорын құру және Қазақфильмнің аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері де қозғалды.

Дөңгелек үстел жұмыс шеңберінде қатысушылардың талқыланып отырған мәселелер бойынша тәжірибелері, ой-пікірлерін талдап қорыту және де Тұжырымдамаға дербес ереже немесе оның мәтініне толықтыру бола алатын ұсыныстар жасап шығару жоспарлануда.

по материалам: mks.gov.kz