«Азаматтық бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел

«Азаматтық бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел

2016 жылдың 3 наурызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Алғыс айту айту күніне орай «Азаматтық бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

2016 жылдың з наурызында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Алғыс айту айту күніне орай «Азаматтық бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел екі секциядан тұрды: 1. Мәдениетаралық сұхбат тұрақтылық пен дамудың кепілі; 2. Қазақстан Республикасы қоғамындағы әйелдердің рөлі. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттері:

- ортақ тарих пен тарихи жад негізінде қазақстандық сәйкестілік пен біртұтастықты нығайту және дамыту;

- қоғамдық келісім, азаматтық татулық пен қоғамдық бірігу қағидаларын бекіту;

- қазақтық сәйкестілік пен біртұтастықты нығайту;

- біздің еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметі;

- заманауи қазақстандық әйелдің Еңбек адамы ретіндегі, дағдарысқа қарсы жағдайдағы жаңа рөлінің  мәртебесін бекіту;

- үкіметтік және қоғамдық басқармаларға әйел адамдарды жұмылдыру;

- мемлекеттік мәдени саясатты өсіру бойынша отбасы бейнесі мен некенiң тиімді тұстарын айқындау.

Дөңгелек үстел Қаз ҒЗМИ бас директоры А.Р. Хазбулатовтың алғы сөзімен ашылды. Ары қарай өздерінің баяндамалары мен арнайы шақырылған профессорлар, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жас ғалымдары, ҚазМЗУ, Тұран-Астана университеті, Қаз ТБУ және Қаз ҒЗМИ ғылыми қызметкерлері сөз алды. Отырыс барысында қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі, әйелдер ошақтың иесі, әйелдер психологиясы, мәдениетаралық сұхбат тұрақтылық пен дамудың кепілі, заманауи қоғамдағы мәдениетаралық сұхбаттағы қазақ тілінің орны және т.б. өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара пікір талас түрінде өтті. Бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Дөңгелек үстелге қатысқан адамдар үшін өте пайдалы болды және кездесу соңында сертификаттар беріліп, бірқатар жылы лебіздер айтылды.