Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Марко Поло:ашылымдар мен құпиялар» фильмін ұсынады.

31.10.2016 1815


Алматы қаласына барған іссапары барысында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов «Марко Поло» ғылыми-көпшілік фильмінің түсірілім тобымен кездесті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 2016 жылы ұлы итальяндық саяхатшы және ғалым Марко Поло туралы ғылыми-көпшілік фильмнің жұмысын қытай және итальяндық тараптармен бастаған еді.

Саяхатшының өмірбаянын және ортағасырлық ориенталистика, география мен этнология мәселелерін зерттеу бойынша жетекші тарихшылар мен сарапшылардан кеңес алынды. Олар: Александр Гаркавец, Александр Юрченко, Эдоардо Канетта, Арнабай Нұржанов, Рафис Абазов, Әлішер Ақышев, Мұрат Әуэзов және басқалар. Дайындық және кезеңдік түсірілім жұмыстары жүргізілді.

Көп ұзамай қазақстандық көрермендер көрнекті итальяндық саяхатшы Марко Полоның «Дүниенің алуандылығы» кітабы бойынша ғылыми-көпшілік жаңа фильмін көре алады. Көптеген адамдар итальяндық саяхатшы Марко Полоны ортағасырлық Европаға Ұлы Жібек жолы мен Орталық Азияны ашты деп есептейді. Алайда бұл олай емес, тарам-тарам сауда жолдары ортақ Аристотельдің Жібек жолы немесе Птоломейдің Жібек жолы ежелгі Месопотамия мен Мысыр дәуірінен бері бар, тек арасында үзілістер болып тұрған.

Марко Поло өзінің авторласы Пизалық Рустичиано екеуі жазған әйгілі кітабы арқылы европалықтарға Жібек жолының европалықтардың ұлттық мәдениеті мен дәстүріне, салтына тигізген әсерін, Азияның құпияға толы ғажайып бейнесін сыйға тартты.

«Дүниенің алуандылығы» кітабында ол XIII ғасырдағы көшпелілердің тұрмыс-тіршілігін егжей-тегжей сипаттайды: «Далада адамдар дөңгелектердің үстіне қойылған киіз үйлерде тұрды. Киіз үйлер ақ киізбен жабылған. Кейбір киіз үйлердің биіктігі соншалық, олардың кеңдігі 30 пұтқа дейін жетеді. Оларды бөлшектемей бір орыннан келесі орынға апарды. Байлардың киіз үйлерінде тоқтап, үй иесімен құлдардың бағалары, жүн мен балауыз жайлы аудармашылар арқылы сөйлесу қызық болды. Қымыз беріп, қонақ қылды».

Азиялық өркениетті мейлінше лайықты сипаттағаны көптеген орта ғасырлық Европадағы кертартпалардың таңданысын туғызса, француз, латын, итальян және басқа тілдер арқылы оқыған кейбіреулерінің түсінбестігін тудырды.

Көбісі Марко Полоның әңгімелеріне тіптен сенбеді, ал осы күнгі кейбір күмәншылдар: ол Баласағұн мен Ұлы Қытай қорғаны жайлы жазбаған, яғни ол Константинопольден ары қарай аспаған, соған қарамастан Қытайда үш жыл губернатор болдым деп мақтанады-дейді.

Ғылыми-көпшілік фильмде Марко Полоның күмән келтірмейтін ашылымдары мен жалпыға ортақ 700 жылдық тарихы бар, таңғажайып жұмбаққа толы Шығысқа қатысты жалған мен түсінбестік жан-жақты талданған.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>