Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған фильмнің тұсаукесері өтті

10.08.2015 2204

АҚШ-та «Дешті-Қыпшақ Құпия белгілер» атты екі сериалы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Туынды Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып түсірілген. Салтанатты шараға қазақстандық делегация мүшелерімен қатар, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері де қатысты. Фильмде ХI ғасырда Оңтүстік және Батыс Қазақстан, Поволжье, Кавказ және Қара теңіз жағалауы аумақтарын мекен еткен қыпшақ тайпалары туралы баяндалады. Фильмнің бірінші бөлімінде қыпшақтар мен армяндардың тығыз байланысы және «Тәңір» ұғымының пайда болуына ден қойылса, екінші бөлім қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс Куманикусқа» арналған. Кино сценарисі әрі режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков.

Марлен Ларуэль, Джордж Вашингтон университетінің профессоры -Туындының сапасы мен шығармада келтірілген тарихи деректер көңілімнен шықты. Бұл «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі жүмысын көрсетіп отыр. Бағдарлама аясында тың мәліметтер мен көптеген деректерге қол жеткізілгені мәлім. Реймонд Чавез, GPC компаниясының өкілі, продюсер -Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған туындылар тек қазақ халқы үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық үшін маңызды. Қазақстан бүгін де Еуропа мен Азия арасындағы Ұлы Жібек жолын жандандырып тұрған көпір іспетті.


partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>